21.12.2020
Отан-ең маңызды, ең қымбат және сүйікті сөз.
Әр адамның өз Отаны бар. Осы сөзбен біз өз мектебімізді, өз отбасымызды, өзіміздің кіші Отанымыз – Мариновка әдемі ауылын, бүкіл Қазақстан Республикасын түсінеміз.
Сен дүниеге келген жерің Қазақстан Республикасы сондықтан ося мемлекеттің азаматы болып табыласың. Әрбір адам туылған сәттен бастап азамат болады. Бұл оның мемлекеттің қорғауында екенін білдіреді.
Өз елінің азаматы болу-жоғары құрметті атақ. Азамат болу дегеніміз-Отан алдындағы парызыңды орындау. Ал біздің мемлекетіміздегі басты заң-Конституция. Осы Заңға сәйкес біз бәріміз және ересектер мен балалар өмір сүреміз.
Әлемде Қазақстаннан басқа көптеген мемлекеттер мен елдер бар, бірақ бір адамның туған анасы біреу ғана - Отаны да біреу.