Бірінші қонысаударушылар, Украинадан 1860 - 1861 жылы келіп Амантай шоқысы, Старица өзенінің маңына орналасқан. Бірінші қонысшылар көп қиыншылықтар көрді. 1863 – 1864 жылы жаппай қоныстану басталды. Шаруа ларды мал жәйілімі, көп балығы, әсіресе жері қызықтырды. 1879 жылы Амантай ауылы құрылды. Бірінші тұрғындар ауылдың атын Мария Федоровна құрметіне қойғылары келді,Павел бірінші императордың әйелі. Мариин ауылының тұрғындары жершаруашылығымен айналысты. Қуатты шаруалар бидәй егіп елу деятинаға дейін, ал орта шаруалар жиырма бес десятинаға дейін, кедейлері үштен беске дейін. Сұлы екпейтін. Көп шаруалар тары мен бұршақ егетін бірден екіге дейін. Тұрғындар балық аулаумен айналысты. Мариин аулында екі жәрменке болатын: Семенов / күзгі/ және Львов/қысқы/. Жәрменкенің басты сату заттары: мал, май,тері,балық,ұн. Ауылда Зингер іс машиналарын сататын дүкен болған, сыра, шарап және тоғыз сату дүкендері. 1920 – 28 ж.ж. Мариинск - Атбасар уездінің орталығы Мариинск болысы болды. Отызыншы жылдары біздің жерде темір жол салу құрылысы басталды Ақмола - Қарталы, ол Қарағандының көмірін және Оралдың рудасын қосты. 1929 жылдың басында базалық « Степной пахарь» қоғамында «Безбожник» колхозы құрылды, оның құрамында жиырма тоғыз жан -ұя болды, жазғы-тұрым жүз елу гектар жер себілді. 1930 – 32 жылдары кедейлердің соңы -нан орта шаруалар колхозға кірді, үшжарым мың гектар жерге дәнді –дақыл- дар және бақша дақылдары егілді. Құрылысқа көп көңіл аударылды. 1930 жылы Мариинскиде мектеп ашылды. Адамдардың өмірі жақсара бастады. Фашистік Германияның шабылуымен жұмыстар тоқтатылды.
Бірінші кезеңдегі Маринов мектебінің 1928 - 1929 жылдардағы түлектері
Мектеп мұғалімдері 1933-1934 ж мектептің алғашқы хоккей командасы