Текст
Шатохина Вера Андреевна 1970 жылы Полтава педагогикалық институтын орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп, Мариновка орта мектебіне тарих пәнінің мұғалімі болып тағайындалды. Осы уақыттан бастап, 2004 жылы еңбек өтілі бойынша зейнеткерлікке шыққанға дейін ол осы мектепте жұмыс атқарды. Мұғалім өз пәнін жақсы білу ғана аз, ол оны үйрете білуі керек. Бұл әрқашан Вера Андреевнаның қолынан келетін. Ол түсінікті түсіндіріп қана қоймай, оқушыларды өз пәнімен баурап алды. Бірінші санатты мұғалім, жас мұғалімдердің тәлімгері Вера Андреевна Ақмола облысы білім басқармасының Құрмет грамоталарымен және білім бөлімінің грамоталарымен марапатталды.