Текст
Бүгінгі күн экологияға арналғандықтан, балалар экологиялық ортамен танысты. Қазақстанның флорасы мен фаунасы туралы бейнероликтерді көргеннен кейін біз «Жасыл дәріхананы» талқыладық. Бұл ойында өсімдіктің емдік қасиеттері мен еліміздегі кейбір кәсіптік жануарлар түрлері туралы әңгімеледі. Біз мектеп ауласына қысқаша экскурсияға бардық, бірақ ауа-райының қолайсыздығына байланысты кері қайттық. Келесі кезекте біз «Экомафон» командалық ойынын ойнадық, онда жеңімпаздар «жасырын қазынамызды» тез тапты. Одан кейін «Біз таза планетамыз» атты экологиялық парақшалар салып, «Кахуут» ойынын ойнадық.