"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Мариновка ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Мариновка ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ТАМЫЗ КЕҢЕСІНДЕ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

16.08.2024
Мектептерді бірлесіп дамыту стратегиялары тамыз кеңесінің секцияларында қаралды
Жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында тамыз айында білім беру жүйесінде педагогикалық қызметкерлердің конференциясы өткізіледі. Педагогикалық қоғам өткен оқу жылын қорытындылап, жаңа оқу жылына басым міндеттерді айқындайды. Тамыз конференциясының шеңберінде «Баршаға қолжетімді сапалы білім: мектептерді бірлесіп дамыту стратегиялары» тақырыбында «943 - елдің нысаналы мектептерін дамыту» республикалық жобасына енген облыстың нысаналы мектептері басшылары мен оқу орынбасарларына арналған секциялық отырыс өтті. Секция отырысын Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Б. Б. Дүйсенова жүргізді.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры М.Е. Адамова «943 – елдің нысаналы мектептерін дамыту» республикалық пилоттық жобаның мазмұнымен таныстырды. Білім басқармасының әдістемелік орталығы жанынан ашылған Жобалық кеңсе жұмысы аталған жобаны іске асыруда жетекші орын алатындығын атап өтті.
Нысаналы мектептер жұмысының басым бағыттарын жүзеге асыруда мектептің жеке портреті әзірленетіндігі, құрылымы мен негізгі компоненттері туралы білім басқармасының әдістемелік орталығының басшысы Л.С. Курмангалиева баяндады. «Әдіскерлердің қолдауымен нысаналы мектептерді дамытудың траекториясы мен құралдары» тақырыбында жобаны іске асырудағы маңызды мәселе әдістемелік сүйемелдеу екендігі жайлы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Ақмола облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалының директоры А.Н. Иманова түсіндірді.
Жобаны іске асырудағы маңызды мәселе мониторинг пен бақылау, бұл мәселе туралы білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы О. К. Каппасов атап өтті.
Ақмола облысы білім басқармасы басшысының м.а. К. Балташева секция отырысының мазмұнды жұмысын қорытындылап, білім бөлімдері басшылары мен мектеп директорларының алдында үлкен міндеттер қойылғанын, жобаны іске асыруға жауапкершілікпен қарау қажет екенін атап өтті.
Просмотров: 482


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст