«Искорка» онлайн лагерінің 2020 жылғы 1кезеңі 15-26 маусым аралығында жұмыс жасады. Демалған балалар саны 20.Жасақта әр түрлі жастағы балалар болды.Онлайн режимде неше турлі іс-шаралар мен ойындар жүргізілді.Маусым бойы сауықтыру шаралары өткізілді.Күн сайын балалардың сергектігі үшін жігерлі музыка және бейне-роликтермен таңғы көңілді жаттығу өткізіліп тұрды.Бірінші күні балалар өз ұраны мен отряд атауын «Күн балалары» деп таңдады.1аптаның бағыты адамгершілік-рухани отбасылық тәрбие болды.Балалар отбасы дәстүрлері,портрет онлайн көрмесін өткізіп, «Біздің отбасылық жәдігерлеріміз» тақырыбына жоба жасады.2 аптаның бағыты экологиялық тәрбие болды.Бұл кезеңде экологияны қорғауға байланысты түрлі табиғат құпияларын зерттеу іс-шаралары өтті. Балаларға әр түрлі бағыттарда шығармашылық түрлерінде жұмыс істеу өте ұнады.
Бастауыш сынып мұғалімі: Мушманова Г.Д.