10.11.2023
Интернет жаңа білімнің тамаша көзі болып табылады, оқуға көмектеседі, бос уақытты алады, бірақ сонымен бірге ол көптеген қауіптерге толы.
Осы мақсатта "Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" ақпараттық науқаны аясында Мариновка ауылындағы №1 жалпы білім беретін мектептің 1 сынып оқушылары үшін "Қауіпсіз интернет, балаларға ерте жастан қажет!» тақырыбында іс\шара болып өтті. Балалар әлеуметтік желілерде қандай қауіптер күтіп тұрғанын біліп, қауіпсіз интернет ережелерімен танысты.
Олар қорытынды жасады: достарымен тікелей қарым-қатынас, қызықты кітап, отбасы шеңберіндегі махаббат ешқашан әлеуметтік желіні алмастырмайды.