Текст
Мариновка орта мектебінің 3 «А» сыныбында бастауыш сынып мұғалімі Топарбаева Айман Эриковна «Разряд арқылы өтумен жазбаша көбейту және бөлу алгоритмі » тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді.Сабақ мынадай жұмыс түрлерін қамтыды: топтарда жұмыс істеу, ойын арқылы, өз бетінше жұмыс істеу, топтарда қозғалу.Сабақ барысына балалар белсене қатысты.Бір-біріне және өз-өзіне әділ бағалау бере алды.Өтілген сабақты талқылау кезеңінде семинарға қатысқан қонақтар мұғалімге өз ұсыныстарын айтып, сабақ барысында мұғалім мен оқушылар арасындағы жағымды қарым-қатынас орната алғаны үшін алғыс білдірді.