Текст
Ақмола облысы білім басқармасының хаты негізінде "Мариновка ауылының №1 жалпы білім беретін мектебі" КММ 2023 жылғы 12 қазанда кезектен тыс педагогикалық кеңес өткізілді, онда "Педагог мәртебесі туралы" Заңның мәселелері қаралды. Педагогикалық әдеп жөніндегі комиссияның төрайымы Топарбаева К.А. педагог ұжымын "Педагог мәртебесі туралы" заңның негізгі тармақтарымен, педагогикалық әдеп ережелері туралы, сондай-ақ 01.07.2023 ж. заңдағы өзгерістер туралы таныстырды. Өз сөзінде мектеп директоры Б. Шинжанов 5-бапқа, 6-бапқа және 7-бапқа толығырақ тоқталды.