Текст
2017 жылдың 12 маусымында Мариновка орта мектебінде 11 сынып оқушыларын шығарып салу кеші өтті. Салтанатты кешті мектеп директоры Шинжанов Б.К., ашты. Оқушыларға ақ жол тілей отырып, жалпы орта мектеп бітіргені туралы аттестат табыстады. Мектеп оқу ісінің меңгерушісі Кайния Айтмановна Топарбаева мектеп түлектеріне жақсы тілектер айтып, ҰБТ-ны жақсы тапсыру туралы тілегін білдірді. Мектеп бітірушілер атынан Сайдашев Жанибек ұстаздарға алғыс
айтып, шығармашылық табыс, зор денсаулық тіледі. Ата-аналар атынан Пеньков С.П., түлектерге ақ жол тілеп алғысын білдірді.