Күз- әр алуан түсті! Күз-табиғаттың бүлінуі болып табылады.Күз-ең жарқын жыл мезгілінің бірі,көпшіліктің жақсы көретін уақыты! Бұл дегеніңіз-көгілдір аспан, тәжі ағашының жалыңдығы сарқылмас, тау құмының қызыл бұтақтары.Ақындар күзге өлеңдер арнаған, суретшілер – суретін.Күзді күзетіп, күтудеміз.Біздер де күз мезгілін асыға күттік.
Біздің мектебімізде 18 қазанда 2-4 сыныптар оқушыларының арасында әдеттегідей «Күзгі бал» болып өтті.Мереке қатысқан 4 команда арасында сайыс түрінде өткізілді.
Әділқазылар алқасының мүшелерінің ішінде- Мәдениет Үйінің меңгерушісі Сотникова Татьяна Ивановна, ауыл
кітапханашысы-Залож Людмила Михайловна және мектеп әлеуметтік педагогі Андреюк Наталья Александровна.
Іс-шара алдында әр сыныпқа тапсырмалар алдын ала берілген еді.Біріншіден өз тобымен таныстыру рәсімі «Визитка»,екінші кезеңде «Ертегі» қойылымы, ең соңында «Мода» көрсету болды. Барлық тапсырмаларды балалар жақсы атқара білді.
«Визитка» кезеңінде балалар алуан түрде өз командаларымен, атауымен, ұранымен таныстырып шықты.
Сайыстың «Ертегі» деген кезеңінде неше түрлі көпшілікке танымал ертегілерді сахналады, «Секіргіш шегіртке», «Шалқан ертегісі »,«Гүлдер», «Жас ұрпақ үлкендерді қалай түсінеді».
Иә, шіркін күз-жылдың ең мәнерлі уақыты.Күздің түстерінен қуанышқа бөленгім келеді!
Күзгі күндер әртүрлі көңіл-күйді тудырады. Салқын және бұлтты күндер-жүректе мұң, ал енді ашық күндер- жарық қуаныш туғызады. Осы көңіл-күйдің ауысуын қатысушылар «Мода» кезеңінде көрсетуге тырысты.
ІІІ кезеңнін тапсырмалары орындалғаннан соң,қорытынды шығарылып, әділқазы алкасы өз шешімдерін жариялады.Марапаттау номинациялар бойынша өтті. «Күзгі виртуоздар» номинациясында-4 сынып оқушылары жеңімпаз аталды, «Күз.Жоғары мода.Осень» номинациясында-2 сынып оқушылары жеңді. «ең креативтілер» номинациясына 3 «а» сынып ие болды, ал 3 «б» сынып оқушылары «Күз қиял-ғажаптары» номинациясының жеңімпазы болып шықты.
Ал көрермендердің қалауы бойынша «Жарқын жұлдызша» грамотасына ие болған 2 сынып оқушысы Фрик Диана.
Жүргізуші мен мектеп әкімшілігі қатысушылар мен жиналғандарға,әділқазыларға алғысын білдіріпіс-шара аяқталды.