23 қазаннан бастап Мариновка орта мектебінде ерекше оқырмандар қозғалысы –«Буккроссинг» басталды.«Кітап жай ғана сөрелерде тұрмасын,оларды оқу қажет», деген ұранымен қозғалысты бастадық.
Осы іс-шара барысында мектеп дәлізінде арнайы стеллаждар рәсімделді, «Буккроссинг» деген жазбашалар жабыстылырған.
Мектеп кітапханашысы оқырмандарды кітап алмастыру жобасына қатысуға шақыру мақсатындаалдын ала мектеп сайтында хабарлама жіберген.
«Буккроссинг» деген сөз екі сөзден құрастырылған « оқы да – басқаға бер» деген мағынаны білдіреді.
Бірнеше күн арасында «Буккроссинг» сөресі түрлі көркем әдебиетімен, сөздіктермен, анықтамалармен, журналдармен толтырылды.
«Буккроссинг» біздің де мектебімізде жыл сайын орын алады деген үміттеміз.Бұл іс-шара оқушылардың көбірек кітап оқуына, өз зияткерліктерін дамытуға ықпал етеді деп санаймыз.