Текст
2017жылы 14 қараша күні мәжіліс залында жалпы мектепшілік «Ертегі әлеміндегі коррупция» тақырыбына сынып сағаты болып өтті.
Мектеп оқушылары ертегі кейіпкерлері болып, ертегі сахналады. Ертегілер заманауи нұсқада көрсетілгендіктен , балалар қызыға қарады. Еркін түрде оқушылар коррупцияға қарсы әрекет көрсету дағдыларды үйренді.
Ерекше ертегі сюжеттерін көріп отырып, балалар кейіпкерлерге қай жағдайда, қандай іс –әрекет жасау керек екендігін айтып көмектесті. Барлық іс-шараға қатысушылар, көрермендер үнемі адал және әділ болуға, ертегіде де адамгершілік заңды бұзуға болмайтындығына көз жеткізді.
Осы іс-шара бойынша «Ертегі әлеміндегі коррупция» атты бейне ролик дайындалуда.