«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында біздің мектепте, күзгі демалыс кезінде 6 сынып оқушылары арасында «Менің жақсы істерім» атты іс-шара болып
өтті.
- Мейрімділік деген не?
-Мейірімді адам деген кім? деген сұрақтардан басталды.
Неліктен біздің уақытымызда меірімділік бағаланбайтын болды, кісілер мейірімді болудан неге ұялады?
Біздің замандастарымызға мейірімділік, ықылас-назар, бауырластық рақымы керек емес пе?
Мейірімділік, қайырымдылық, қуаныш, бауырластық рақымы адам бақытының негіздері емес пе?
Сыныпта тыныштық орнады, балалар ойлана қалды,содан кейін ір бала мейірімділік сөзіне анықтама беруге кірісті, өз ой-пікірлерімен бөлісті, мейірімділік- ол қайырымдылық, махаббат, бауырластық рақымшылық, адамға көмек көрсетуге ұмтылу.
Осы уақытта алдынғы орында нарықтық қатынастар, патриотизм, әділдік, адалдық құнсызданған. Сұхбаттасу барысында оқушылар мейірімділік пен қайырымдылық адамның ең маңызды қасиеттерің біріне жататындығын түсінді.Балалар өз өмірлеріндегі жақсылық істеген мысалдарын келтірді, өз достары туралы айтып, тимуровшылар қозғалысы туралы, педагогикалық еңбек ерлеріне, жалғыз тұратын қарттарға көрсеткен көмектері туралы бөлісті.Сергіту сәтіндегі «Комплименты» деген ойын бәріне өте ұнады.Бұл ойынның шарты бойынша ер балалар қыздарға жағымды сөздер айтты.
Іс-шараның соңында барлық қатысушылар композитор Шаинскийдің «Улыбка» әнін орындады.