Мариновка орта мектебінде 6 ақпан күні музыка пәні мұғалімдері арасында «Жеке және хормен әндерді көркем орындау» тақырыбына және мектепалды тәрбиешілері арасында «Математика сабағында ойын элементтері» тақырыбы бойынша аудандық семинар болып өтті. Музыка пәні мұғалімі Холод Ирина Петровна «Музыканың көркемдік құралдары» тақырыбына балалар вокалдық-хор «Музыкальная радуга» тобымен ашық сабақ өткізді. Сонымен қатар елбасының бағдарламалық «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғарту»мақаласы аясында , алдымызға қойылған міндеттер : Рухани және мәдени құндылықтарды сақтау және көбейту, туған өлкенің тарихын зертеу, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Мариновка- менің Отаным» тақырына сыныптан тыс іс-шара өткізді: Мариновка селосының тарихы , Мариинск көтерілісі , жазушы жерлесіміз- Седельников Л.Е. туралы қызықты мәліметтермен таныстырды.
Мектепалды тәрбиешісі Дубовик Елена Ивановна «На экскурсию с математикой» деген тақырып бойынша ашық сабақ пен «Орыс ертегілеріне саяхат» тақырыбына сыныптан тыс іс-шара өткізді, балалар ерьегілер кейіпкерлерімен кездесіп,
ертегі ойын бағдарламасына белсенді қатысты.Семинарға қатысқандар ішінде аудан білім бөлімінің қызметкерлері,қала және ауылдар мектептерінің мұғалімдері болды, олар Холод И.П. мен Дубовик Е.И. ашық сабақтары мен іс-шараларын жоғары бағалап, шығармашылық пен жетістіктер тіледі.