Текст
2 тамызда «Өзіңді тану» үйірмесінің «Менің күнделікті жұмысым» тақырыбындағы сабағында күн тәртібі туралы түсінік бекітілді. Жаттығулар барысында денсаулықты нығайтатын мінез-құлық пен денсаулыққа зиян келтіретін мінез-құлықты ажырата білуге үйренді; күннің әртүрлі бөліктерін өз әрекеттерімен байланыстыра білуге, топта жұмыс істеуге, бірін-бірі тыңдай білуге, қарым-қатынас жасауға, басқа адамдардың пікірін құрметтеуге үйренді. Сабақ барысында күнделікті тәртіпті сақтауға, өз денсаулығына жауапкершілік сезімі тәрбиеленді.