Текст
2025 жылғы 10 қазанда Атбасар қаласында "Локомотив" стадионында "Бүгінгі қадам - ертеңгі жеңіс!" Атбасар ауданының жалпы білім беретін мектептерінің 7-11 сынып оқушылары арасында облыстық жүгіру бойынша аудандық кезеңі өтті. Жарыс қорытындысы бойынша "Мариновка ауылының №1 ЖББМ" КММ командасы 2 орын алды.
Жеке есепте
Тараненко Анастасия (7 сынып) 1 км қашықтықта чемпион атанды.
Чикомеев Михаил (11 сынып) 2 шақырымдық жарыста чемпион атанды.
Даутфест Надежда (8-сынып) 1 км жарыста 2-ші орынды иеленді.
Біздің команданы керемет нәтижемен құттықтаймыз.