Текст
2025 ж. 14 ақпанда "Мариновка ауылының №1 ЖББМ" КММ\де директор жанындағы кеңес өтті. Кеңес барысында екі мәселе қаралды: 1. Педагогикалық этика. 2.Мектептегі өрт қауіпсіздігі: жұмыс орнындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әркім нені білуі керек. Кеңес барысында мектеп директоры Б. К. Шинжанов оқытушылар құрамына педагогикалық әдеп ережелері, сондай-ақ жұмыс орнындағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы еске салды.