"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Мариновка ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Мариновка ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Калмаганбетова Лена

Мұғалім – мамандық болса, ұстаздық адам бойындағы ұлы қасиет. Ұстаз мәртебесінің артуы ең алдымен ұстаз деген есімге қаншалықты лайық болуына байланысты. Бүгінгі жаңа дәуірдің, жаңарған білімнің мұғалімге қояр талабының жүгі ауыр, олар үлгі боларлық бар жақсылық атаулының ең биігінен көрінуі тиіс.    Осындай  ұстаздардың бірі - «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Мариновка ауылының №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ- сінің  мектеп директорының  оқу  ісінің орынбасары –   Калмаганбетова Лена Хурметхановнамен бір білім ордасында жұмыс жасаймыз.

         Калмаганбетова   Лена Хурметхановна   – ұстаздық жолда 17  жылдай еңбек етіп келеді.   Ол  барды бағалап, айналасындағы жандармен қарым-қатынасында да жоғары адамгершілік көрсете білетін, өз жұмысына, бала тәрбиесіне жаны ашып, асқан жауапкершілікпен қарай білетін, адал да  шынайы, өз ісіне жауапты ұстаздардың бірі.  

Оқушыларының білім сапасын арттырды, пәндік олимпиада, ғылыми жобалар байқауынан облыстық, республикалық  деңгейде жүлделі орындарға ие болды. Мектебімізде жыл сайын ең үздік нәтиже көрсетіп  келеді.

Шәкірт бойындағы табиғи дарын ұшқындарын сөндіріп алмай, творчествалық еңбек үстінде оған қанат бітіру, білімге шексіз құштарлық дәнін себу – ұстаз қызметінің тағлымды өлшемі, ізденіс нәтижесі. Өйткені, қай ұстаз болсын оқушының жан дүниесін, психологиялық ерекшеліктерін терең зерделеу үстінде оқыту процесінің диалектикалық сипатын салауатпен саралауға, сөйтіп парасатты педагогика практикасын меңгеруге қол жеткізеді. Ұстаздық дарын үздіксіз ізденіс көрігінде шындалса ғана, мәуелі табыс тезірек тұлғаланбақ, оқушы санасында ұстаз қалдырған із ұзақ сақталмақ. Лена Хурметхановна қазақ тілі мен әдебиеті  пәні бойынша оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулып, олимпиада жеңімпаздарын дайындауды басшылық қызметте болса да тоқтатып көрген емес.

2021- жылы өткен  облыстық «Абай оқулары» сайысында оқушысы  Асылханқызы Жанбота ІІ орынды иеленді. 

ҚР Тәуелсіздігінің 30 орай ұйымдастырылған облыстық «І.Есенберлин оқулары» сайысында  шәкірті - Асылханқызы  Жанбота бас жүлдені жеңіп алды.  Аудандық «Жарқын  болашақ» байқауында  «Сөз шеберлері» номинациясында 1 орын,  8-11 сынып оқушылар арасындағы  аудандық «Тіл дарыны -2021»  сайысыныда  3 орын,  «Ақберген» аудандық байқауының жеңімпазы. 5- сынып оқушысы Бугун Злата аудандық 5-6 сынып оқушылар арасындағы  олимпиададан І орын.  Бұл – мұғалімнің бір жылдық ізденісінің жемісі.

Осындай ерен еңбегінің жемісі нәтижесінде бірнеше жылдан бойы түрлі марапаттарға да ие болды. Мысалы,  ҚР Білім және ғылым министрінің Мақтау грамотасы, ҚР Білім және ғылым министрінің  «Алғыс хаты», «Педстарт»  Республикалық қашықтық олимпиадасы,  Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Ұлы даланың ұлы тұлғасы» қашықтық олимпиадасы  ІІ  дәрежелі дипломы, ІІІ дәрежелі диплом, КИО олимпиадасы – облыс бойынша  2 орын, аудан бойынша  1 орын. Өрлеу НЦПТ, оқу әдістемелік материалдарды рәсімдеу желілік басылымында, өзінің авторлық сабағын жариялады.

Калмаганбетова Л. мемлекеттік тілдің нағыз жанашыры. Сабақтарында оқушыларға толыққанды білім беріп қана қоймай, сонымен қатар жаңартылған бағдарламаның талабына сай түрлі формативті бағалау  тәсілдерін түрлендіру бағытында түрлі тапсырмаларды қолдану арқылы оқушылардың тілді үйренуге  деген жауапкершілігін арттыруда.

Егер әр маман осындай нәтиже бағытында үздіксіз ізденісте болса, басқа ұлт өкілдерінің қазақ тілінде сауатты сөйлей білуіне зор ықпалын тигізері сөзсіз деп ойлаймын.

Әріптесіме болашақта отбасына амандық, жұмыста шығармашылық шабыт тілеймін!

 Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі- Мухамедгалиева С.О.

 

Жаңартылған күні: 02.02.2022 15:26
Құрылған күні: 02.02.2022 15:32

Текст